Балалар еңбегінің құрбаны 152 миллионға жетті - зерттеу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Балалар еңбегі тауарларын батыс елдеріне көп экспорттайтын елдерде әлі де өршіп тұр. Әсіресе Қытай, Бангладеш, Үндістанда бұл проблеманы шешуде еш алға жылжу байқалмайды. Ал бүгінгі таңда 152 млн кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек балалар еңбегін заңсыз пайдалану құрбаны болуда», деп жазады The Guardian басылымы.

Автордың жазуынша, экономикалық өсім мен білім беру салаларының дамып жатқанына қарамастан әлемде балалар еңбегімен күрес кенже қалып келеді.

«Экономикалық импульс кедей мемлекеттерге әлі жетпеді. Сол себепті де кедей мемлекеттерде балалар еңбегін заңсыз пайдалану мәселесі шешімін табар емес», - дейді адам құқықтары саласының сарапшысы Оскар Ларссон.

«Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне сәйкес бүгінгі таңда әлем бойынша 152 миллион адам балалар еңбегінің құрбаны болуда. Олардың 73 миллионы өте ауыр жағдайда жұмыс істеп жатыр», деп жазады автор. Оның айтуынша, бұл зерттеу 198 мемлекеттегі заңдар мен халықаралық келісімдерді ескере отырып жасалған.

«Балалардың еңбек құқығы бұзылған мемлекеттер қатарында Солтүстік Корея, Сомали, Оңтүстік Судан, ОАР бар. Сонымен қатар бүкіл әлем бойынша халық саны 900 миллионнан асатын 27 мемлекет балалар еңбегі үшін «өте қауіпті» деп танылды. Тағы 82 мемлекет «жоғары қаупі бар» санатқа енді», деп жазады автор.

Мақалада халықаралық келісімдер бойынша бала 15 жасқа толғанша оның дамуына кедергі келтіріп, денсаулығына зиян тигізетін жерлерде жұмыс істемеуі керектігі көрсетілген.

«БҰҰ балалар еңбегінің халықаралық келісімдерге сай емес жағдайын жиі анықтап жатыр. Соған қарамастан БҰҰ 2025 жылға қарай балалар еңбегін түбегейлі жоймақ. Дегенмен, сарапшылар қазіргі қарқынмен бұл межеге жету мүмкін емес екенін айтып жатыр», делінген мақалада.

Соңғы жаңалықтар