Балалар әдебиетінің авторлары АҚШ баспасымен келісімге отырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жазушылар Зира Наурызбаева мен Лилия Калаус Бату туралы трилогияны басып шығаруға Amazon Publishing баспасымен келісім жасасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен америкалық Amazon Publishing баспа үйінен құттықтау алдым! Себебі енді Лилия Калаус екеуміз – осы баспаның авторларымыз! Жаңа ғана Амазонның балалар бөлімімен келісімге отырдық. 2022 жылы Бату мен оның достары алтын тостағанды АҚШ-та ағылшын тілінде іздейтін болады», - деп жазды Зира Наурызбаева Facebook-те.

«Шынымды айтсам, бұл жобаны қазақстандық балаларға арнап бастаған едім. Біздің мәдени ерекшеліктерімізді көрсететін кітаптар шетелдік оқырманға қызықты болады деп ойлаппын», - деді ол.

Кезінде Лилия екеуміз кітаптың бірінші бөлімінің қазақ тіліне аударылуын қаржыландырдық. Қалған екі кітапты да аудару мүмкіндігі болады деп үміттенемін, деп бөлісті автор.

«Бату мен оның достарының оқиғалары – шытырман оқиғалы повестер. Онда заманауи қазақстандық балалар сиқырлы қазақ мифологиясы әлеміне сапар шегеді. Кітап кейіпкерлері – алматылық бесінші сынып оқушылары. Олар «Алтын тостағанды іздеу: Бату мен оның достарының бастан кешкендері» деген бірінші кітапта ШҚО-ға, Дегелеңге, Қоңыр әулие үңгіріне барады. Екінші кітапта Барсакелмеске, үшінші кітапта Айдала еліне сапар шегеді.

Жаңа жылда барлық кітаптар @melomankz-ке қосылады. Келесі аптада Нұр-Сұлтан қаласында, шамамен 25 желтоқсанда сағат 14:00-де таныстырылымы өтеді», - деді Зира Наурызбаева.


Соңғы жаңалықтар