Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.17 EUR 429.11
RUB 5.88 CNY 56.48
Jańalyqtar

Балаға 3 жасқа дейін теледидар көруге болмайды - «Balapan» телеарнасының басшысы

2018 жылғы 6 желтоқсан 12:11 1055
Бөлісіңіз:
Балаға 3 жасқа дейін теледидар көруге болмайды - «Balapan» телеарнасының басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Balapan" телеарнасының директоры Мақпал Жұмабай өз көрермендеріне кеңес берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Даулы пункттерді алып тастадық - Абаев тілшілерді аккредиттеу жайлы Министр Абаев Серікжан Біләштің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Арна басшысы "QAZAQFORUM - 2018" конференциясының алғашқы сессиясына қатысып, қазақ тілді контентті дамытуға қатысты өз ойларын ортаға салды. М.Жұмабай өз көрермендеріне маңызды бір ережені ұмытпау қажеттігін жеткізді. "Бұл жерде журналистер отыр ғой. Өтініш, мына бір ақпаратты xалыққа таратсаңыздар. Балаға 3 жасқа дейін телеарна көруге болмайды. 3 жастан 7 жасқа дейін 20-30 минут қана, 7 жастан 12 жасқа дейін 30-50 минуттың арасында, ал 12 жастан жоғары балаға бір сағатқа рұқсат етіледі. Бұны өте қатты қадағалау қажет. Себебі оның зардабы үлкен болады", - деді М.Жұмабай. 

Айта кетейік, бүгін Астанада Астанада қазақ тілді контентті дамытуға арналған "QAZFORUM - 2018" конференциясы басталды. Іс-шараны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ашты. Оның айтуынша, қазақ тілді контенттің саны артып келеді. Ендігі мақсат - сол контенттің сапасын көтеру. "Бүгінде қазақ тілді сайттардың саны да, салмағы да артып келеді. Уақыт талабына сай өз аудиториясын қалыптастырған бәсекеге бейім қазақ тілді порталдардың қарасы көбейіп жатыр. Осы қарқын жалғасса, біздің мемлекеттік тіліміздің мәртебесі өседі", - деді Д.Абаев. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, КАЗМЕДИА, Қоғам, Астана,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT