+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Балаева: Мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылы - Президент бастамаларының нәтижелі болуының кепілі

2021 жылғы 9 қазан 16:11
Бөлісіңіз:
Балаева: Мемлекет пен қоғамның өзара тиімді іс-қимылы - Президент бастамаларының нәтижелі болуының кепілі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық Достық үйінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның Қоғамдық кеңес мүшелерімен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен және Нұр-Сұлтан қаласының активімен бірқатар кездесулері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Азаматтық қоғам құру – негізгі басымдықтың бірі ҮЕҰ-лар арасындағы «Таңдау» байқауының жеңімпаздары анықталды Дәурен Абаев Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудағы ҮЕҰ рөлін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездесуде А.Балаева Министрліктің қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру және үйлестіру, оның ішінде осы жылы қабылданған заңнамалық түзетулерді ескере отырып, жүргізіп жатқан жұмысы туралы хабардар етті. Министр Қоғамдық кеңес азаматтық қоғамның пікірін білдірудегі бірегей азаматтық институтқа айналғанын, ал 2021 жылы қабылданған заңнамалық өзгерістер олардың қызметін жетілдіру ісіне серпін бергенін атап өтті. Қазіргі уақытта 249 қоғамдық кеңес қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға тікелей төрт нысанда тартылған: қоғамдық мониторинг, қоғамдық сараптама, қоғамдық тыңдаулар және мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау. Министр Қоғамдық кеңес мүшелерін заңнамамен берілген өз өкілеттіктерін белсенді пайдалануға шақырды.

Кездесуге қатысушылар өз тарапынан қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін кеңейту бойынша заңнамалық түзетулерді жүзеге асырудағы өз тәжірибесі мен проблемалық мәселелері туралы айтып берді. А.Балаева ағымдағы жылдың қараша айының соңында Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өтетін X Азаматтық форумның жеке бір алаңы қоғамдық кеңестер жұмысына арналатынын хабарлады.

Елорданың ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуінің барысында министр қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығына аударды. Сонымен бірге, Президент елдің дамуында ұлттық интеллигенцияға ерекше рөл беретіндігін атап өтті. А.Балаева: «Жалпы Президентіміздің зиялы қауымға деген көңілі қашанда ерекше. Биылғы Жолдауында зиялы қауым өкілдерін арнайы атап өтті. Ұлт зиялыларының ой-пікірі қоғам дамуы үшін аса қажет екенін айттты. Ел болашағына қатысты, әсіресе ұрпақ тәрбиесінде өздеріңізді шет қалмауға шақырды. Бұл түсіністік ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында ерекше маңызды»,-деді министр.

Аида Балаева Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бастамасын іске асыру барысы туралы егжей-тегжейлі айтып, 2021 жылдан бастап бағдарлама Қоғамдық сананы ұлттық жаңғырту кезеңіне өту бойынша Жол картасы форматына өткенін атап өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы зиялы қауымның ерекше рөлі туралы айта келе, министр «100 кітап» жобасы жақсы нәтиже бергенін жеткізді. Атап айтқанда, жобаның арқасында 60 ақын, жазушылардың шығармалары әлемдік 6 тілге аударылып, әлемнің 90 еліне таратылды.

Елорда әкімдігінің активімен кездесуде министр ел Президенті мен Үкіметінің бастамалары туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі жұмысты арттыру қажеттігіне назар аударды. А.Балаева қоғамдық даму көбінесе орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың азаматтық қоғаммен, ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен, жастармен тиімді өзара іс-қимылына байланысты екенін айтты.

Министрмен кездесулерге қатысушылар Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жылында қоғамдық даму ісінде пікір алмасу және ұсынымдар форматында осындай іс-шаралардың ерекше маңыздылығын атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT