+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді - министр

2020 жылғы 14 шілде 14:37
Бөлісіңіз:
Балабақшалар әзірге жұмыс істемейді - министр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Карантин режимі аяқталғанша эпидемиологиялық жағдайға орай мектепке дейін білім беру ұйымдарына қатысты шешім қабылданады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысының мектептеріне 15 мың компьютер сатып алынбақ Қостанай облысында 265 мектеп қалыпты жағдайда білім береді Асхат Аймағамбетов: Оқу құнын көтермеу үшін ЖОО-ға жағдай жасау керек

«Карантин мерзімі созылғанын бәріміз білеміз. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Карантин уақыты аяқталғанға дейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады. Соның ішінде мектепке дейін білім беру ұйымдарына да қатысты шешім қабылданады. Біз осы бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз. Бұл жерде де маңыздысы - балалардың қауіпсіздігі», - дейді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, бастауыш сыныптар тамақпен қамтамасыз етілмейді.

«Себебі сабақ қатаң карантин шараларымен ұйымдастырылады. Тамақ берілген жағдайда балаларға қауіп төнеді. Оқушылар оқу, жазу, есептеу сияқты негізгі сабақты мектепте, музыка, сурет сияқты қосымша сабақтарды үйде онлайн режимде оқиды. Демек мектептң оқу жүктемесі ауыр болмайды», - деп атап өтті ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT