Балабақшадан шыққан бір топ бүлдіршінді көлік қағып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жапонияның Нисиномия қаласында балабақшадан шыққан бір топ баланы тәрбиешісімен қоса көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NHK телеарнасына сілтеме жасап.

Әзірге белгілі болғаны, оқыс оқиға салдарынан бес жасар және алты жасар екі қыз зардап шеккен. Ауруханаға жеткізілген қыздардың бірінің иығы зақымданғаны анықталып отыр.

Полиция автомобильді жүргізген 69 жастағы әйелді ұстады. Қазір оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар