Балабақшадағы улану оқиғасы: Меңгеруші мен медбике қызметінен босатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы №36 «Балапан» бақшасының меңгерушісі ұйымда санитарлық ережелер мен талаптарды сақтамағаны үшін қызметінен қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық білім басқармасының мәліметінше, бүгін Қоғамдық денсаулық қорғау департаменті сараптамасының алдын ала нәтижелері жария етілген. Сараптама санитарлық ережелер мен нормалардың бұзылу фактілерінің орын алғандығын, соның салдарынан балалар мен мекеме қызметкерлерінің денсаулығына зия келгенін анықтаған.

«Түс ауа тәртіптік комиссияның отырысы өтіп, онда №36 «Балапан» балабақшасының меңгерушісі мен медициналық бикесін лауазымынан босату туралы шешім қабылданды. Біз қаладағы барлық жұмыс істеп тұрған мектепке дейінгі ұйымдарға инспекция жүргізу үшін жұмыс тобын құрдық. Осындай жайттар анықталатын болса, қатаң шаралар қолданатын боламыз. Бұл өте байыпты мәселе. Балалар қалай болғанда да басшылықтың немқұрайлығынан зардап шегуі тиіс емес», - деді Астана қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин.

Ведомство ақпаратына қарағанда, №36 балабақшада эпидемиологиялық тексеру шаралары жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта балабақшада анықталған кемшіліктерді жою шараларды қабылдануда.

Айта кетейік, 7 ақпан күні аталған балабақшадағы жоғары топтың тоғыз баласы құсып, олардан диарея мен температураның бары анықталған. Сонымен бірге, балабақшаның тәрбиелеушісі де ауырып қалған.

Соңғы жаңалықтар