+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Балабақшадаға қатігездік: Ата-аналар талап-тілектерін жеткізді

2021 жылғы 4 наурыз 22:35
Бөлісіңіз:
Балабақшадаға қатігездік: Ата-аналар талап-тілектерін жеткізді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік комиссияның кезектен тыс отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссия шұғыл отырысы өткізілді. Бұған Өскемен қаласының «Арман» балабақшасында болған оқиға себеп.

Жиналысқа ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстық прокуратураның, полиция департаментінің өкілдері, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қалалық және аудандық комиссия төрағалары мен хатшылары, қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдерінің басшылары және «Арман» балабақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты. Комиссия төрағасы-облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабаттың айтуынша, бейнежазбадағы оқиға 17 ақпанда болған. Алайда балабақша әкімшілігі дер кезінде тиісті шараларды қабылдамады.

«Осылайша, балабақша әкімшілігі заңбұзушылықға жол берген. Видеода тәрбиеші баланы екі рет еденге лақтырғаны және мұның бәрі басқа балалар мен мекеме қызметкерлерінің көз алдында болғандығы көрініп тұр. Оқиға ақпан айының ортасында болса да бізге бұл жағдай кеше ғана белгілі болды. Балабақша әкімшілігі ешкімді хабардар етпеген. Осыған байланысты, кеше өз тарапымыздан шұғыл шаралар қабылдап, барлық деректерді құқық қорғау органдарына бердік. 3 наурызда ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бүгін балабақша директоры мен тәрбиеші қызметтерінен босатылды. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында», - деді Әлішер Мархабат.

Балабақша тәрбиеленушілерінің ата-аналары бейнебақылау жүйесі арқылы басқа топтардағы жағдайды жіті тексеруде. Хельга Заритовская ата-аналардың атынан отырыста сөз сөйлеп, мектепке дейінгі мекеменің барлық қызметкерлеріне әділ жаза тағайындалсын деген тілек білдірді.

«Балабақшаны толық тексерсеңіздер. Біз директорға, тәрбиешілерге, күтушілер мен медбикелерге қатысты тиісті шаралар қабылданғанын қалаймыз. Сонымен қатар видеодағы оқиғаның куәгері болса да еш шара қабылдамаған хатшы да жауапқа тартылуы керек», - деді ол.

Комиссия мүшелері түгелдей оны қолдап, болашақта мұндай оқиғаларға жол бермеу қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, комиссия өңірдегі білім беру ұйымдарының бейнебақылау жүйесін Ішкі істер органдарының жедел басқару орталығына шығару мәселесін қарады. Комиссияның шешімі бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстандағы барлық балабақшалар мен мектептер бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT