Балабақшада таяқ жеген бала оқиғасы: Меңгеруші жұмыстан шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларға қол көтерген №37балабақша меңгерушісі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Білім басқармасының 4 мамырдағы бұйрығымен №37 балабақшадағы оқиғаға байланысты аталған мекеменің меңгерушісі қызметінен босатылды»- деді басқармадан.

Еске салсақ, бұл оқиға 2 мамырда кіші балалар тобында болған. №37 балабақшаның тәрбиешісі педагогикалық тәрбиеге жат қылық көрсеткен. Анасы баласының көгерген бетін көріп, 3 мамырда балабақша меңгерушісіне шағым айтқан. Балабақша меңгерушісі мен анасы ішкі камера жазбаларын қарап шыққан. Кадрлардың бірінен тәрбиешінің қол көтергені анықталған.

Соңғы жаңалықтар