+7 (701) 759 90 19
USD 389.94 EUR 433.50
RUB 6.10 CNY 55.13
Jańalyqtar

Балабақшада бүлдіршінді ұрған тәрбиешінің үстінен ата-ана полицияға арыз түсірді

2019 жылғы 15 тамыз 15:33
Бөлісіңіз:
Балабақшада бүлдіршінді ұрған тәрбиешінің үстінен ата-ана полицияға арыз түсірді

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Алматы облысындағы балабақшада баланы ұрған тәрбиешінің үстінен ата-ана полицияға арыз түсірді. Бұл жөнінде Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Пәкістанда екі тайпа арасында болған атыс салдарынан 14 адам қаза тапты «Екатеринбург - Алматы» тас жолында 41 жастағы әйел мерт болды Оралда автокөлік велосипед мінген жас жігітті қағып кетті

«Баланың ата-анасы Іле аудандық полициясына тәрбиешінің үстінен арыз түсірді. Тәртіп сақшылар қажетті сараптаманы тағайындады. Соған сәйкес, процессуалдық шешім қабылданатын болады», - делінген аталған ведомствоның таратқан ақпаратында.

Бұған дейін Алматы облысындағы Іле ауданының Байсерке ауылындағы жеке меншік балабақшада тәрбиешінің кішкентай баланы ұрған сәтіндегі бейнежазбаның әлеуметтік желіге тарағанын хабарлаған болатынбыз. Видеода белгісіз әйел ұйықтап жатқан баланы мазалап, беті мен жамбас тұсынан ұрғаны анық көрінеді Артынша Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел бұл оқиғаға байланысты аудандық деңгейде арнайы комиссияның құрылғанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Талдықорғандағы жеке меншік балабақшада осыған ұқсас жағдай болған. Бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиешінің үстінен ҚР ҚК 141 бабына сәйкес қылмыстық тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы облысы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT