Балабақша кезегінде тұрғандар азайды - Ералы Тоғжанов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін педагогтердің республикалық тамыз конференциясында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов балабақша кезегінде тұрғандар азайғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын Қазақстанда бала туу көрсеткіші өсіп келеді. Бұл тұрғыда қазірден бастап балаларға жағдай жасау мүмкіндіктерін іске асыру керек. Осы орайда оларды сапалы мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етуіміз маңызды», - деді Е.Тоғжанов Педагогтердің республикалық тамыз конференциясында.

Оның айтуынша, осы бағытта мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне талаптарды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Мелекеттік-жекешелік серіктестікті дамыту аясында Үкімет жүргізген жұмыстың арқасында жекеменшік балабақшалардың 47 пайызы кезекте тұрғандарды 30 пайызға қысқартуға ықпал етті. Тек 2021 жылдан бастап ел бойынша 700-ден астам балабақша ашылды. Бұл өз кезегінде өте жақсы нәтиже», - деді Үкімет басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар