+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады - Бас прокуратура

2019 жылғы 11 қыркүйек 13:16
Бөлісіңіз:
Бала зорлағандар өмір бойына бас бостандығынан айырылады - Бас прокуратура

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы ауыр қылмыстар үшін жазаны қатайту туралы заң жобасын әзірледі. Жаңа заң жобасына еңгізілетін нормалар жайында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық-процессуалдық кодексті жетілдіре түсу мақсатында жаңа заң жобасы дайындалды. Бұл жобаға қасақана жасалған ауыр қылмыстар мен аса ауыр қылмыстың жекелеген түрлеріне қолданылатын жазаларды қатаңдату бойынша өзгертулер енгізілді. Жыныстық тиіспеушілікке қарсы, зорлау және сексуалдық сипаттағы күш көрсету қылмысы үшін жауапкершілік күшейтіледі. Тіпті ауырлататын мән-жайлар болмағанның өзінде мұндай қылмыстар ауыр қылмысқа жатқызылады. Балаларға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыстардың барлығына жаза қатаңдатылады. Қызметтік міндетін орындау барысында қылмыс жасау деген қосымшаға біліктілік сипаты енгізіледі. Яғни, оның жазасы қатаяды. Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық үшін өмір бойына 20 жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады», - деген прокуратура өкілі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT