Бала ұрлаған Теміртау тұрғыны жеті жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Екі жастағы кішкентай қызды ұрлап әкету туралы атышулы іске қатысты сот үкімі шықты.  Теміртаудағы бала күтушісі жеті жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теміртау мемлекеттік сотының төрешісі Талғат Елеуов «Таңшолпан» балалар үйінің түлегі, 22 жастағы бала күтушісін Қылмыстық кодекстің «адам ұрлау» жөніндегі  125 бабы бойынша кінәлі деп таныды.

«Сотталушы жеті жылға бас бостандығынан айырылып, жазасын орта  дәрежелі қауіпсіздік мекемесінде өтейді», - деп хабарлады Теміртау мемлекеттік соты кеңсесі.

Сотталушы сот залында қыздың анасынан бірнеше рет кешірім сұрағанымен, әйел онымен бітімге келуден бас тартты.

Айта кетейік, 26 наурыз күні кешкісін Теміртау қаласының 22 жасар тұрғыны бала күтушісінің 2 жастағы қызын ұрлап кеткендігін мәлімдеп, полиция қызметіне жүгінген болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар