+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Бала тәрбиелемес бұрын алдымен өзімізді тәрбиелегеніміз жөн – Айнұр Ілиясова

2020 жылғы 1 маусым 22:44
Бөлісіңіз:
Бала тәрбиелемес бұрын алдымен өзімізді тәрбиелегеніміз жөн – Айнұр Ілиясова

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Актриса, тележүргізуші, қоғам қайраткері Айнұр Ілиясова 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір тележүргізуші декреттік демалыста. Ол 3,5 және 1,2 жасар екі қызды тәрбиелеп отыр.

«Отбасы институтын нығайтуға бағытталған қоғамдық қор ашқан болатынбыз. Сол қордың арқасында түрлі форумдар, фестивальдер ұйымдастырдық. Мұның барлығын өзімнің ата-аналық деңгейімді көтеру үшін жасадым. Біз ата-ана болу үшін де көп оқуымыз керек. Заман өзгерді, уақыт өтіп жатыр. Біздің бұрынғы тәрбиеміз өзекті емес. Енді ата-аналар баланы емес, өзін тәрбиелеуі тиіс. Қазір біз өз балаларымызға модель болуымыз керек. Қазір біз оларға «авторитет» емеспіз. Бұрын біз «ұшақ қалай ұшады, қағаз қалай жасалады?» деп бәрін сұрайтынбыз. Қазір балалар оның бәрін ютубты ашып, өзі біліп алады», - дейді Айнұр Ілиясова.

Оның ойынша, ата-ана ең алдымен балаға серік болуы керек.

«Балаға ұрыспай түсіндіруге тырысамын. Бірақ, ешқашан қол көтермедім демеймін. Ұрыспай бала тәрбеиелеуге келе жатырмын. Әр уақытта баламен сөйлескенде «болмайды» деп қана қоймай, неге болмайтынын түсіндіруге тырысамын. Себебін ұғындырам. Баланы әр уақытта құшақтап сүю, жақсы көретініңді айту керек. Отбасында бәрі дұрыс болмаса, басқа жерден бақыт іздеп керек емес», - дейді Айнұр.

Тележүргізуші балаларды қазіргі ақпарат ағынының қажетсіз бөлігінен, әділетсіздіктен, тым еркелетуден, қоғамның агрессивті шабуылдарынан қорғау керектігін еске салды.

Ол бүгінгі балалар мейрамын отбасының ортасында атап өтпек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT