+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Мүгедек балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы үйіне жеткізу мүмкіндігі қарастырылады

2020 жылғы 17 ақпан 10:31
Бөлісіңіз:
Мүгедек балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы үйіне жеткізу мүмкіндігі қарастырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мүгедек балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы үйіне жеткізу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда кімдерге әлеуметтік төлем беріледі Мәжбүрлі түрде еңбек демалысына шыққандарға төлем төленеді – министрлік Алматыда мұқтаж отбасылар, мүгедектер мен зейнеткерлерді қолдау бағдарламасы жасалды

Отырыс барысында Біржан Нұрымбетов балалы отбасыларды қолдауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

«Жыл сайын елімізде 400 мыңға жуық сәби дүниеге келеді. Ана мен баланы қолдау үшін бірқатар жәрдемақылар қарастырылған. Сонымен, бала туу және 1 жасқа дейінгі баланың күтімі үшін жұмыс істемейтін аналарға бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы, ал жұмыс істейтін аналарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер қарастырылған. 2019 жылы бюджеттен 78 млрд теңге, МӘСҚ-тен 167 млрд теңге бөлінді. 2020 жылы бюджеттен 84 млрд теңге және МӘСҚ-дан 187 млрд теңге бөлінеді», – деді Еңбек министрі.

Сондай-ақ, ол бала күтімі бойынша демалыста жүрген әйелдердің зейнетақы жарналары субсидияланатынын атап өтті. 2019 жылы 5 млрд теңге бөлінгенін, 2020 жылға 6 млрд теңге қарастырылғанын. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен марапатталған, «Батыр ана» атағын алған 235 мың көпбалалы анаға арнайы жәрдемақы төленуде. Мүмкіндіктері шектеулі балаға, бала кезінен бірінші топтағы кәмелетке толған мүгедекке күтім жасап отырған 99 мың адам ай сайын жәрдемақы алады.

«2019 жылы ана мен баланы қолдауға бюджеттен және МӘСҚ-дан 372,4 млрд теңге бөлінді. 2020 жылға осы мақсаттарға 558,5 миллиард теңге қарастырылған», – деді Біржан Нұрымбетов.


Фото: fishki.net
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT