Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Түркістан облысында болды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жиналыс өткізді.

Аудан әкімінен бастап бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысқан басқосуда уәкіл облыстағы бала құқығын қорғау бағытындағы жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаеваның төрағалығымен Түркістан қаласында селекторлық мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, облыстық прокуратурасының басшылығы, облыстық ішкі істер департаментінің орынбасары, жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің маманы, сондай-ақ, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты.

Мәжілісте жалпы кәмелеттік жасқа толмағандардың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылып, талқыланды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қазіргі таңда қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу екенін атап өтті. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мәселесіне тоқталды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің бастығы Әбдіғани Сейдуалиев, облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов баяндама жасады.

Мәжіліс соңында Сәуле Айтпаева бала құқығын қорғау мәселесі әрдайым назарда болу керектігін атап өтіп, бала құқығын қорғауға тікелей қатысты мекеме басшыларына өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар