Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен өзге өңір азаматтарын онлайн қабылдау жүйесін енгізбек

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Сәуле Айтпаева азаматтарды бейне конференция арқылы қабылдау тәсілін енгізеді. Бұл туралы жаңа омбудсмен Алматыда педагогтар мен мемлекеттік емес органдардың өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жылдың әр тоқсанында Білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірігіп азаматтарды видеоконференциямен қабылдаймыз. Бұл қызметке жүгінген адамдардың санына байланысты өткізіледі.  Және бейнеконференцияға мемлекеттік емес органдар қатыстырылады. Енді азаматтарға жүздеген километр асып, жолға шығынданудың қажеті жоқ.  IT-технологиялар - бірінші кезекте  қолданатын құралымыз. Алғашқы қабылдау күзден басталады», - деді С. Айтпаева. 

Еске сала кетсек, ҚР БҒМ басшысы  Ерлан Сағадиев пен бала құқықтары жөніндегі омбудсмен Сәуле Айтпаева мұғалімдер мен бала құқықтарымен айналысатын мемлекеттік емес органдардың өкілдерімен кездесу өткізген болатын. 

Соңғы жаңалықтар