Бала кезінде көшіп келген: 39 жастағы қандасымыз ел азаматтығын алды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ресейден көшіп келген қандастың әлеуметтік мәселесі шешімін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей Федерациясының Астрахан облысында өмірге келген Жанна Ильбалиеваның мүгедектігі бар. Қазір жасы – 39-да. Атырауға бала кезінде көшіп келген. Бірақ, жеке басын куәландыратын құжаты болмағандықтан, Қазақстан Республикасының азаматтығын алмаған.

«Сол себептен, ол өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта тұрған. Бұған дейін оған әлеуметтік көмек тағайындалмаған. Атырау қалалық әкімдігінің тікелей араласуымен бұл мәселе шешімін тапты. Жаннаның жеке басын кәуаландыратын және мүгедектігі бойынша құжаттарын дайындап бердік. Енді ол әлеуметтік жәрдемақы алатын болды. Оған ІІ топ мүгедектігі тағайындалды.

Ең бастысы, Қазақстан Республикасының азаматтығы берілді. Әкімдік тарапынан арнайы әлеуметтік қызметкер бөлінді. Пәтерінің коммуналдық қызметтерге берешегі толығымен өтеліп, тұрмысқа қажетті заттармен, киім-кешекпен толық қамтылды», - дейді Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұрлы Хабиева.

Оның айтуынша, пәтер құжаттарын Жанна Илтбалиеваның атына рәсімдеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда тұрғылықты мекенжайы жоқ 50-ге жуық адам арнайы орталыққа жеткізілгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар