09:46, 28 Тамыз 2022 | GMT +6
Бала емізетін 141 мың ана коронавирусқа қарсы толық егілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше, «Pfizer» вакцинасының I дозасымен егілген жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар саны 1 238 628 адамға жетті. Препараттың ІІ дозасын 1 198 298 адам салдырды. Оның ішінде: І компонентімен егілді: жасөспірімдер – 874 325, жүкті әйелдер – 41 622, бала емізетін әйелдер –145 440. ІІ компонентін алды: жасөспірімдер – 859 233, жүкті әйелдер – 39 448, бала емізетін әйелдер – 141 957.
Бұдан бөлек, өзге вакциналардың І компонентімен 9 583 605 адам, ІІ компонентімен 9 367 179 адам егілді.