Бала денсаулығы анасына тікелей байланысты - дәрігер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Баланың денсаулығын қорғауда ата-ана жауапкершілігінің маңызы зор. Бұл туралы Астанадағы №1 қалалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Сайран Жамукова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Баланың денсаулығы ұлттың болашағымен тікелей байланысты. Дені сау ұрпақ мықты мемлекеттің негізін қалайды.

«Қазір көптеген әйелдер түрлі инфекциялармен ауырады. Гендік дерттерге шалдыққан. Соның салдарынан және басқа да себептерге байланысты балалар түрлі ауруларға шалдығып, дүниеге келеді. Сондықтан да әйелдер жүктілік кезеңдерін жоспарлауы керек. Өйткені денсаулығы жақсы әйел ғана дені сау ұрпақты өмірге әкеле алады. Баланың денсаулығына ең бірінші ата-анасы жауапты. Балаларды уақтылы тексеруден өткізіп отыру, оны емдеуші дәрігермен тығыз қарым-қатынас жасау - бала денсаулығының бір кепілі», - дейді Сайран Жамукова.
null

Айта кетейік, Астанадағы № 1 қалалық балалар ауруханасы - 1950 жылы негізі қаланған медициналық мекеме. Аурухана соңғы 20 жыл ішінде 100 мыңға жуық бүлдіршінің сырқатын емдеп, жазған.

 

Соңғы жаңалықтар