«Бала дауысы» байқауының 6-шы маусымына іріктеу басталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Бала дауысы» ұлттық балалар ән конкурсының алтыншы маусымына іріктеу қашықтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 8-12 жас аралығындағы дарынды балаларды «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымына қатысуға шақырады.

17 финалистті анықтайтын қашықтан іріктеу кезеңі 25 наурыз бен 15 мамыр аралығында өтеді. Кастингке қатысудың барлық шарттары www.baladauysy.kz сайтында орналастырылған, сондай-ақ, өтінімдерді қабылдау кезеңі қазірден басталды.

1 маусым мен 1 қазан аралығында «Бала дауысы» финалына дайындық кезеңі өтеді: финал қатысушыларына вокал, актерлік шеберлік, хореография бойынша жеке сабақтар өткізіледі; қайталанбас және ерекше сахналық бейнені жасау мақсатында режиссерлер, графика және жарық суретшілері, дизайнерлер, стилисттер олармен жұмыс істейді.

Байқаудың финалы 7 және 9 қазан күндері Нұрсұлтан қаласында өтеді. Биылғы жылы байқаудың концерттік бағдарламасының форматы біршама күрделенген - балалар қазақстандық және шетелдік эстраданың танымал хиттерін бэнд сүйемелдеуімен орындайтын болады.

Байқаудың барлық кезеңдеріне балалардың қатысуы тегін. Іріктеу кезеңінің әрбір қатысушысы атаулы дипломдар алады, финалистерге бағалы сыйлықтар беріледі.

«Бала дауысы» байқауының жеңімпазы алғашқы күндерінен бастап жоба авторы және «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева тағайындаған атаулы білім беру грантының иегері болады. Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша жаңа балалар әндерінің жинағы шығарылады, оның авторлары еліміздің 14 облысы, Шымкент, Алматы және Нұр-сұлтан қалаларының балалар шығармалышығы композиторлары болады.

Барлық жаңа әндер және де алдыңғы маусымдарда жазылған әндер «Бала дауысы» сайтында қолжетімді болады.


Соңғы жаңалықтар