Бала асырап алуда кейбір үдерістердің криминалдануы ерекше алаңдатып отыр - Андрей Кравченко

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко елімізде бала асырап алуда кейбір үдерістердің криминалдануына алаңдаулы екенін айтты.

Бүгін Астанада Халықаралық адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде ол қадағалаушы ведомстволардың негізгі күш-жігері еліміздегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндердің құқығын қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

«Асырап алу рәсімдерінің күрделі болуынан кейбір балалардың осы үдерістерге қол жеткізе алмағанын көрдік. Біз тәрбиелеу мен қамқоршылық органдарына тізімдегі 1,2 мыңға жуық баланы бұдан ары қарай асырап алуға құқығын қалпына келтіруді ұсындық. Сонымен қатар бала асырап алуда кейбір үдерістердің криминалдануы бізді ерекше алаңдатып отыр. Яғни, бұл тұрғыда жаңа туған нәрестені асырап алуға заңсыз бергізу үшін ресми құжаттарды қолдан жасау немесе алаяқтық фактілерін анықтаудамыз»,-деді А. Кравченко.

Сонымен қатар ол Бас прокуратураның бастамасымен қолданыстағы заңнамаға бірқатар түзетулер енгізіліп, соған сәйкес, баспасыз жетім балалар мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте пәтер алу құқығына ие болғанын еске салып өтті.

«Осы түзетулерден кейін, мыңнан астам жетім бала мемлекеттен баспана алды. Біз жергілікті атқарушы органдарда баспанаға мұқтаж 4 мыңнан астам жетім балаларды есепке қоюды қамтамасыз еттік»,-деді А. Кравченко.

Соңғы жаңалықтар