Бақытжан Жұмағұлов жатақхана құрылыстарының баяу жүру себебін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумында сенатор Бақытжан Жұмағұлов еліміздегі жатақханалардың құрылысына кедергі болып отырған факторларлы атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастаманың үшіншісі - «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағыты туралы айта келе Бақытжан Жұмағұлов 2018-2019 оқу жылында гранттардың саны 20 мың көбейтілгенін тілге тиек етті. Сонымен бірге, жатақхана құрылысын жүргізудің жаңа қаржылық механизмін қарастыратын заңнамалық база әзірленген. Қазірдің өзінде мың жарым орындық төрт жатақхана пайдалануға беріліп қойған.

«Осы жұмысқа кедергі болып отырғандар туралы айтар болсам, біріншіден жатақхана құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжатты дайындау жұмыстарының баяулығын атар едім. Екіншіден, әкімдер мен ЖОО ректорлары инвесторлармен жеткіліксіз деңгейде жұмыс жүргізбей жатыр. Үшіншіден, жер учаскесін беру бағытында жергілікті атқарушы органдардың жұмысында да жетіспеушілік бар. Менің пайымдауымша, ол жерлерде партиялық ұйымдар осы мәселелерге баса назар аударуы керек», - деді Бақытжан Жұмағұлов.

Сенатор сонымен бірге студенттер мен магистранттар, докторанттар үшін 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орындық жатақханаларды пайдалануға беру көзделіп отырғанын айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар