+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Бақытжан Жұмағұлов ақмолалық дәрігерлермен кездесті

2020 жылғы 16 қаңтар 03:25
Бөлісіңіз:
Бақытжан Жұмағұлов ақмолалық дәрігерлермен кездесті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағұлов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Көкшетаудағы облыстық көпбейінді аурхананың «жүрек орталығында» болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәжіліс депутаттары Қостанай тұрғындарымен кездесті Қазақстан және Кипр арасындағы сауда көлемі едәуір артты – Әлихан Смайылов ГРЕКО өкілі Қазақстанда қылмыс жасаса ешқандай иммунитеттер қолданылмайды

Сенатор медициналық мекеменің кардиология, кардиохирургия және рентген эндоваскулярлы хирургия бөлімшелерін аралап көрді, сондай-ақ, Ақмола облыстық көпбейінді аурхананың бас дәрігері Нұрлан Жаров пен кардиохирургия бөлімшесінің басшысы Нұрлан Мыңайдаровпен сөйлесті.

Бақытжан Жұмағұлов орталықта жүрекке жасалып жатқан оталар туралы сұрап білді. Орталық басшыларының айтуынша, орталықта рентгенэндоваскулярлы хирургияда 2000 астам ота, 200 – ге жуық жүрекке ашық ота жасалды. Мұнда екі хирург жұмыс істейді, олардың әрбіреуіне жылына 100 отадан келеді.

Рентгенэндоваскулярлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Біржан Айтымовтың айтуынша, мұндағы жабдықтарға 8 жыл болған, жаңартуды қажет етеді. Қазіргі кезде, дәрігерлер екінші ангиографқа мұқтаж.

«Сау жүрек» мектебінде Бақытжан Жұмағұлов медициналық қоғамдастықпен өткен кездесуінде жұмыс сапарының мақсаты туралы айтып берді.

«Біз әлеуметтік сала қызметкерлері: мұғалімдермен және дәрігерлермен кездесуге келдік. Көріп отырғанымыздай әлеуметтік қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған. Елімізде әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлініп отырғандығын баршаңыз білесіздер», - деді ол.

Сенатордың сөзінше, республика бюджетінің 30 пайыздан астамы әлеуметтік саланың үлесінде. Сонымен қатар, ол облыстық аурханада нағыз өз ісінің шебер мамандары жұмысы істейтіндігін, соған қарамастан кадр және баспана мәселесі барын естіп білгенін атап өтті.

«Жалпы, облыстың педагогикалық қоғамдастығы «Педагог мәртебесі туралы» заңын жоғары деңгейде қолдайды. Мұғалімдер бұл заңды қолдап қана қоймайды, оның үлкен жауапкершілік екенін түсініп отыр. Мемлекет тарапынан педагог мәртебесін қамтамасыз етуде 5 жылға 5,4 триллион қаржы бөлініп отыр. Кеше мен жұмыспен қамту орталығында болдым. Онда да атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға қатысты бірқатар мәселелер айтылды. Бүгінгі таңда аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар бар. Денсаулық сақтау саласында да игі істер аз емес», - деп түйіндеді сентор.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT