Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне оқ жаудырған видео рас - әкімдік

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың кортежіне лаңкестердің оқ жаудырған видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі видеоның шынайы екенін растады.

«Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 2022 жылы 6 қаңтарда болған оқиғаның бейнежазбасы шынайы екенін растайды. Тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты қосымша ақпаратты жариялауға тыйым салынады», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.


Еске салсақ, Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы әкімі отырған көлікке оқ атылғаны туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров растаған болатын. Сондай-ақ, атыс кезінде Алматы қаласының спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсеитов атыс қаруынан жарақат алған.


Соңғы жаңалықтар