Бақытжан Сағынтаев жер сатқан алаяқтарды жауапқа тартуға уәде берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жер мәселесінде құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартуға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Айнабұлақ-2, №85 және 85А үйінің тұрғындары менен көмек сұрады. Шешім бар. Біріншіден, міндеттерін адал атқарған құрылыс салушы мен тұрғындарға ешбір артық сұрақ болмайды. Екіншіден, жермен құйтырқы әрекетке барған алаяқтарды заң бойынша жауапқа тартамыз. Үшіншіден, қалалық КҚК-на тапсырма бердім", - деді Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында.

Соңғы жаңалықтар