Бақытжан Сағынтаев «Жас қанат» үйлеріне отандық материалды қолдануға пәрмен берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласының Түрксіб ауданын аралаған кезде «Жас қанат» тұрғын үй кешенінің құрылысын бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім «Жас қанат» мөлтекауданында әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй салу, ескі үйлерді сүру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Б.Сағынтаев құрылыс басқармасына отандық өнімдерді пайдалану бойынша құрылыс компанияларына бақылауды күшейтуді тапсырды.

Аудандық әкімдікке Б.Хмельницкий көшесі бойындағы аймақты абаттандыру, скверді үңгілеу, «Жас қанат» мөлтекауданының аумағын қосымша көгалдандыруды тапсырды.

Сонымен қатар қалалық Мобилділік басқармасымен бірге Баймағамбетов көшесінен жаңа тұрғын үйлерге дейін жол салу мәселесін шешуге пәрмен берді.

«Жас қанат» мөлтекауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көпәтерлі жеті тұрғын үй, 280 орынды балабақша салынуда. Құрылыс объектілерін биылғы жылдың қыркүйегінде бітіру жоспарланған.
null

Сондай-ақ, әкім Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесті, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, аулаларды абаттандыру, қоғамдық қауіпсіздікті қамтасыз ету бойынша олар айтқан шағымдар мен ұсыныстарды тыңдады.

Бүгінде Түрксіб ауданында 16 ескі үй сүріліп, олардың орнына 803 пәтерлі 39 үй салынған. Бағдарламаны жалғастыру бойынша тағы 28 үй анықталды.

147 аула күрделі жөнделеді, 15 көше жаңарып, 8 км тротуар, 2,6 км арық желісі (2 көше) салынып, ұзындығы 7,8 шақырым көшеге жөндеу жүргізіледі.
null

Сондай-ақ, қала әкімі «Алматы-1» теміржол вокзалының жұмысымен танысқан болатын.

Оның барысында Б.Сағынтаевқа вокзал қайта жөнделсе, оның өткізу қабілеті тәулігіне 16 мың жолаушыға жететіндігі туралы айтылды. Қайта жаңғырту кезінде платформа ұзарады, эскалатор мен лифт орнатылып, жер асты өтпелі жолының, көпдеңгейлі паркинг өтудің көлемі кеңейеді.

Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі балалардың «Мейірім» реабилитациялық орталығына барды. Орталық ұжымы мамандардың балаларға көрсететін коррекциялық-дамыту сабақтары, психологиялық-педагогикалық көмектері, емдік денешынықтыру, әлеуметтік-еңбек реабилитациясы, музыкалық, көркем, ойын терапиясы туралы айтты. Орталық церебралды сал ауруына шалдыққан, қозғалу мүмкіндіктері мен даму жағынан шектелген 3 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға ашылған.
null

Соңғы жаңалықтар