Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» ықшамауданындағы жағдайды өз бақылауына алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алатау ауданына жұмыс сапары кезінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Зерделі» ықшамауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім үйлерді тексеру әрі нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов хабарлағандай, Алматы әкімі тұрғындарды барлық үйлердің тексерілетініне, қажет болған жағдайда нығайтылатындығына сендірді.

«Қаржы бөлінді, жұмыс жүріп жатыр», - деді әкім.


Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев жөндеу жұмыстарына және ықшамаудан аумағын абаттандыруға қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековке тиісті тапсырмалар берілді.


2016 жылы 6 үйдің іргетасы нығайтылған болатын (1/136, 1/148, 1/170, 1/153, 1/156, 1/158). Күшейту және тегістеу жұмыстары кепілдік міндеттемелері аясында мердігерлердің қаржысы есебінен жүргізілді. Биыл әкімдіктің тапсырмасы бойынша «ҚазҚСҒЗИ» АҚ мамандары қалған 24 тұрғын үйдің іргетастары мен тіреуіш құрылымдарына сараптама жүргізген еді.

Бүгінде 7 үйді нығайту туралы қорытынды жасалды. Оның ішінде 4 үйдің іргетастарын нығайту (1/160, 1/161, 1/179, 1/180) жұмыстары аяқталды. Қазіргі кезде 3 үй (1/165, 1/167, 1/168) нығайтылып жатыр. Қалған 17 үйге сараптама жүргізіліп жатыр. Тексеру 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады. Қорытынды алынғаннан кейін, қажет болған жағдайда нығайту жұмыстары жүзеге асырылады.

«Зерделі ықшамауданында 30 көппәтерлі 9 қабатты тұрғын үй 2012-2016 жылдары салынған болатын.


Соңғы жаңалықтар