Бақытжан Сағынтаев «Яндекс» компаниялар тобының басшысымен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан астанасына ХІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген «Яндекс» компаниялар тобының негізін қалаушылардың бірі және басшысы Аркадий Воложбен кездесу өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында компаниямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар