Бақытжан Сағынтаев  «отставкаға кетті» деген ақпарат жалған - әкімдік
2022 жылғы 13 қаңтар 21:25

Бақытжан Сағынтаев «отставкаға кетті» деген ақпарат жалған - әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кеткені жайлы қауесетке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желіде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың отставкаға кетуі туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қала әкімі жұмыс орнында өз міндетін атқарып, Алматының тыныс-тіршілігін тезірек қалпына келтіру мәселелерін шешуде», - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Алматы әкімі бүгін Ұжымдық бітімгершілік күштерінің әскери қызметшілерін шығарып салу рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары мен салалық бірлестіктердің басшыларымен кездесіп, қираған ғимараттарды қалпына келтіру және қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT