USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

«Нұр Отанның» саяси кеңесіне жаңа мүшелер сайланды

2019 жылғы 27 ақпан 13:54
Бөлісіңіз:
«Нұр Отанның» саяси кеңесіне жаңа мүшелер сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат -"Нұр Отан" партиясының кезекті XVIII съезі барысында партияның саяси кеңесінің жаңа мүшелері сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңадан сайланған мүшелердің қатарында еліміздің бұрынғы Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, қазіргі Үкімет басшысы Асқар Мамин, Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, Астана әкімі Бақыт Сұлтанов, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешев, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Марат Тәжин, Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимов, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев сынды азаматтар бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT