Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мүмкіндігі шектеулі жандар қауымдастығының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі қала басшысының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

«Бүгін мүмкіндігі шектеулі жандар қауымдастығының өкілдерімен кездестім. Кездесуге келген қатысушыларға емен-жарқын әңгімелері үшін алғысымды білдіремін. Бір- бірімізді тыңдай білу өте маңызды» - дейді Бақытжан Сағынтаев.

Алматыда 43200 мүгедек тұрады. Олардың талаптары бойынша маңызды қадамдар жасалатын болады.

«Алматылықтардан мүмкіндігі шектеулі жандарды дұрыс түсінуді өтінемін. Оларды әлеуметтендіру, қоғамдық өмірге кеңінен тарту біздің басты міндетіміз. Ол үшін менталды кедергілерді жою маңызды. Мүгедектерді инклюзивті қорғау қағидатынан алыстауға болмайды. Барлығымыз – бір қауымбыз, сүйікті қаламыздың тұрғындарымыз»-деп жазды қала әкімі.

Соңғы жаңалықтар