Бақытжан Сағынтаев Латвия Президентімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Латвия Республикасының Президенті Раймондс Вейониспен кездесті, деп хабарлайдыprimeminister.kz .

Кездесу барысында жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, сондай-ақ білім беру, азаматтық авиация және медициналық туризм кадрларын даярлау саласындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. 

Транзиттік-көліктік бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелеріне және шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінді.

 Қазақстан мен Латвия арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 126,2 млн долларды құрады (экспорт - 93,5 млн долл., импорт - 32,7 млн долл.).

2017 жылдың қаңтар-сәуірінде: $31,8 млн (экспорт - $25,3 млн, импорт - $6,5 млн). Бүгінде Қазақстанда 60-тан астам қазақстандық-латвиялық бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар