10:40, 10 Шілде 2019 | GMT +6
Бақытжан Сағынтаев құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев құрылыс компаниялары басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрылыс компаниялары басшыларымен кездестім. Басты мәселе - ескі үйлерді сүру мәселесі талқыланды. Бұл - басымдық берілген бағыттардың бірі. Оңтайлы шешім іздейтін боламыз», - деді Бақытжан Сағынтаев Twitter-дегі парақшасында.
Сонымен қатар, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев белсенді құрылыстың қарқыны әлеуметтік нысандардың, инфрақұрылымның дамуымен қатар жүруі тиіс екенін айтты.
Халыққа мектеп, аурухана, балабақша қолжетімді қашықтықта болуы керек.