Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлермен ШОБ-ты қолдау мәселелерін талқылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің онлайн-отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыс барысында шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері көтерілді.
Сондай-ақ, карантиндік шектеулер режиміндегі ШОБ қызметіне қатысты проблемалық мәселелер көтеріліп, дамудың перспективалық бағыттары, сондай-ақ билік органдарымен өзара іс-қимыл қарастырылды.
Кездесу барысында Алматы қаласының Өңірлік кеңесінің төрағасы, «Учет» компаниялар тобының жетекшісі М. Барышев кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру перспективалары туралы айтты. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар мониторингілік топтардың қызметі, шығармашылық индустрия мен мектепке дейінгі білім беруді дамыту, пандемия кезіндегі туризм, автобус парктерінің жұмысы және басқаларын талқылады.
Әкім Б. Сағынтаев барлық көтерілген мәселелер қарастырылатынына сендірді. Оның айтуынша, келер жылға жоспар құрып, нақты және прогрессивті шешу үшін ондағы мақсаттар мен міндеттерді белгілеу қажет.
Отырысқа қаланың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Бекшин, әкімдік басқармаларының басшылары, Өңірлік кеңес мүшелері, кәсіпкерлер және Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының басшылығы қатысты.
- Карантин: Елордадағы барға клиенттер жасырын есіктен кіріп жүрген
- Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Bek Air компаниясын бесінші рет сотқа берді
- Атырау облысында кәсіпкерлік нысандарының саны 50 мыңнан асты
- Қазақстанда зейнетақы аннуитетінің құны төмендеді
-
Биыл Алматыда 8 мектеп пайдалануға беріледі - Бақытжан Сағынтаев
-
Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам