Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 3 °С
Алматы: 5 °С
USD 326.00 EUR 382.20
RUB 5.29 CNY 51.05
Жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев инновациялар саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесті

2018 жылғы 15 ақпан 20:29 891
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев инновациялар саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев инновацияларды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы Гюнтер Паулимен кездесу өткізді, деп хабарланды primeminister.kz сайтында.

Ұқсас жаңалықтар
Елжан Біртанов Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйледі Бақытжан Сағынтаев «ИТП» ДКҚ Басқару комитетінің отырысын өткізді

Кездесу барысында жаһандық технологиялық атқарымдарды пайдалану және отандық және шетелдік кәсіпорындардың инновациялық бизнес жобаларға қызығушылығын тудыру арқылы Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуы мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Гюнтер Паули «Көк экономика: 10 жыл, 100 инновация, 100 миллион жұмыс орны» (The Blue Economy: 10 years, 100 innovations, 100 million jobs) кітабының авторы, онда табиғи үдерістерге еліктей отырып, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдасы бар жаңа табысты бизнес үлгілерді жасауға болатыны көрсетілген. Ол қазба ресурстарын пайдалаудан әлдеқайда қарапайым және экологиялық технологияларды қолдануға баса назар аудара отырып, қарапайым индустриялық үдерістерге балама ұсынады.

«Көк экономиканың» негізгі қағидалары:

кез келген ресурсты ол өндіріске қажет болса басқасымен алмастыруға болады;

табиғатта қалдық болмайды;

кез келген жанама өнім жаңа өнім үшін көз болып табылады.

 

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат