Бақытжан Сағынтаев Елбасына экономиканың 6 айлық қорытындысын баяндады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы аптадан бастап барлық өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша есебі тыңдалады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6 айдың қорытындысы бойынша 4,1 пайыз өсім бар, оң көрсеткіш деп те айтып жатырмыз. Бірақ, былтырғы жартыжылдықпен салыстыратын болсақ, ол кезде 4,3 пайыз болған. Яғни, былтырғы жылғы көрсеткішке қол жетізген жоқпыз. Сол себептен министрлер бар, өңірлер бар барлығымыз ел экономикасының өсімін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдауымыз қажет»,- деді ол.

Осы орайда Бақытжан Сағынтаев бүгін Елбасының қабылдауында болып, жартыжылдықтың қорытындысын баяндағанын баса айтты.

«Бізге қойылып отырған талап - осы қарқынымызды жоғалтпау, жылдың соңына дейін 4 пайыздан төмен өсімді болдырмау. Ендігі уақытта өткен айлардағы көрсеткіштер бір-бірімен салыстырып отырамыз. Осы аптадан бастап жобалық кеңсе бойынша барлық министрлер мен өңірлердің индикаторларға қол жеткізу мәселесіне қатысты есебін тыңдайтын боламыз. Соған дайын болыңыздар. Көрсеткіштерге неліктен қол жеткізілмегенін мұқият қараймыз», - деді Үкімет басшысы.

Соңғы жаңалықтар