Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен халықаралық қаржы корпорациясының вице-президенттерімен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының вице-президенттері Сирил Мюллермен және Джорджина Бейкермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстанның инвестициялық ахуалын одан әрі жақсартудың негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, алдағы бес жылға арналған серіктестік стратегиясын дамыту, Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту, бизнес ахуалын және мемлекеттік институттарды нығайту, сондай-ақ адам капиталын айтарлықтай күшейту мәселелері қаралды.

Ынтымақтастық орнаған уақыттан бері Дүниежүзілік банк Қазақстанға 46 жобаны қаржыландыру үшін $8,1 млрд-тан астам қарыз берген. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің жобалар қоржыны 22 жобадан тұрады, оның ішінде 7 ағымдағы жоба және 15 жоба жалпы $4,1 млрд сомасына серіктестік туралы келісімдер аясында іске асырылуда. Ағымдағы жобалардың қоржыны $3,2 млрд сомасына 7 жобаны қамтиды.

Соңғы жаңалықтар