Бақытжан Сағынтаев боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қанат бірінші орта салмақтағы WBO International белбеуі үшін намибиялық боксшы Уолтер Каутондоквамен жұдырықтасты. Оңайға соқпаған 10 раундтық жекпе-жек пен жанкүйерлердің толқынысы. Бірақ Қанат жеңіске деген жігері мен қайтпас қайсар мінезін көрсете білді. 27-ші жеңіс құтты болсын, чемпион!», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондоквамен қолғап түйістіріп, жеңіске жеткен болатын.

Соңғы жаңалықтар