+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев әйелдерге жаңа ауданда бизнес ашуға кеңес берді

2020 жылғы 20 ақпан 15:48
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев әйелдерге жаңа ауданда бизнес ашуға кеңес берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Woman in business» кәсіпкерлік форумында әйелдерді бизнеспен айналысуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білесіздер елімізде жиналатын салық түсімінің 25%-ы Алматыдан түседі. Шағын және орта кәсіпкерліктің 60%-ы осында. Сондықтан ШОБ субьектілерін қолдауға жұмыс жасаймыз. «ӘКК» АҚ шеңберінде арнайы қаржылық ұйымдар құрылды. Қаражат бөлдік. Былтыр бұған 1 млрд теңге бөлінсе, биыл 30 млрд теңге бөлінеді. ШОБ субьектілеріне несие 2-7%-бен берілмек. Егер сіздің кәсібіңіз төменгі Алматы жақта болса, сізге пайыздық мөлшерлеме 2%, ал жоғарғы жағында болса пайыздық мөлшерлеме 7 % болмақ», - деді ол.

Оның айтуынша, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында «Іскер ана» жобасы іске қосылған.

«Әр ауданда белсенді әйелдер бар. Солардың мүмкіндігін ашу үшін біз осы бағдарламаны қостық. Оларға грант бөліп, құрал-жабдық алып беріп жатырмыз. 1 мыңнан астам ана көмек алды. Оларды оқытып, заң тұрғысынан көмек беріп жатырмыз», - деді әкім.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова кәсіпкер әйелдерді құрылыс және өнеркәсіп саласына шақырды. Оның айтуынша, қазір әйелдердің көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, сауда саласында жүр.

Ал мемлекеттік қолдау көбінесе құрылыс саласына беріледі.

«Менің ойымша, әйелдер құрылыс саласына да керек. Әйелдер тек бизнес басқарушы ғана емес, бизнес иесі болса екен дейміз. Ең бастысы әйелде үш нәрсе: білім, жеке баспанасы, депозитінде қаржысы болса болды», - деді Ләззат Ибрагимова.

«Және жақсы күйеу керек», - деді әзілдеді әкім.

Айта кету керек, бүгін Алматыда «Women in business» әйелдер кәсіпкерлігінің екінші форумы өткен болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT