Бақытжан Сағынтаев Астананы дамыту жөнінде кеңес өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Бқл туралы primeminister.kz хабарлайды. 

Кеңес барысында Астана қаласының 2018-2023 жылдарға арналған ықшам құрылысының кешенді жоспары талқыланды. Жоспарда жол-көлік инфрақұрылымын, елорданың жаңа көлік жүйесін (LRT), индустриялық парктерді дамыту, газдандыру, жылу және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерін, су тарту, жауын-шашындық кәріз жүйесін дамыту мәселелері қарастырылған.

Сондай-ақ, тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, орта білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарының құрылысы және қаланы көркейту мәселелері қаралды.

Соңғы жаңалықтар