Бақытжан Сағынтаев Алматының жеңімпаз оқушыларын құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев оқушылардың «Алматы дарыны» ерекше төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанған алматылық оқушыларды құттықтадым. Олардың жеңісі - балалардың ерен еңбегінің нәтижесі, олардың бойындағы ерекше дарынды ашқан және оны дұрыс бағытқа бұра білген ата-аналар мен педагогтардың еңбегі»,- деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Оның айтуынша, биылғы жылы 352 оқушы 28 зияткерлік және шығармашылық сайыстың жеңімпазы атанды. Олардың қоржынында 90 алтын, 124 күміс, 138 қола медаль бар.

«Біздің балаларымыз 11-сынып оқушылары арасындағы президенттік олимпиадада, ғылыми жобалар бойынша өткен республикалық байқауларда және жалпы пәндік олимпиадада командалық бірінші орынды иеленіп жүр»,-деп жазды әкім.

Бақытжан Сағынтаев оқушылардың «Алматы дарыны» ерекше төсбелгісін белгілеу жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді. Төсбелгінің дизайнын балалардың өздері жасайды. Төсбелгі оқу жылы аяқталғанда оқушыларға тапсырылады.

Соңғы жаңалықтар