+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев: Алматының жеке секторы газбен толық қамтылады

2020 жылғы 24 қараша 11:41
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев: Алматының жеке секторы газбен толық қамтылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев еліміздегі ең ірі қаланың экологиялық проблемалары қалай шешіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда көп қабатты үйдің тұрғындары газдан уланып қалды

«Алматы қаласының экологиясы – жұртшылықты алаңдататын мәселенің бірі. Сол себепті ол мәселені шешу үшін бірқатар шара қабылданып жатыр. Ең үлкені - ЖЭО-2 көмірден газға ауыстыру, яғни жаңғырту. Қазан айында осы жобаны қаржыландыру мәселесі шешімін тапты. Осы шешімнің арқасында ЖЭО-2-нің шығаратын зиянды қалдықтары 38 мың тоннадан 6 мың тоннаға дейін төмендейді. Бұл енді Алматы қаласының ауасын тазартуға үлкен септігін тигізеді», - деді Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында.

Қала әкімінің айтуынша, Алматы қаласының маңындағы ЖЭО-3 мәселесі бойынша «Самұрық-Энерго» компаниясы жұмыс жүргізіп жатыр.

Алдағы уақытта қаржыландыру мәселесі реттелсе, бұл да қаланың экологиясын жақсартуға септігін тигізеді.

«Жеке секторды газдандыру деңгейі - қала бойынша 99 пайыз. 1800-дей үй әлі газбен қамтамасыз етілмеген. Оның көбінде магистральды құбырлары жоқ. Біз «Халық банкпен» келістік. Ол банк газбен қамтамасыз етілмеген тұрғындарға 0 пайызбен бір жарым жылға несие береді. Ал тұрмысы нашар отбасыларға әкімдік демеушілерді тарта отырып, бұл жұмысты аяқтаймыз», - деді ол.

Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар Талғар, Іле, Қарасай аудандарында 80 мыңдай үй әлі де газ қосылмағанын айтып өтті.

«Министрліктің қолдауымен қаржы бөлінсе, онда осы Алматы үшін көп көмек болар еді. Өйткені біз қаланы тазалағанымен ЖЭО-3 бар, қала шетіндегі 80 мың үй бар – бәрібір шығғарындылардың бәрі қалаға келіп жатыр», - деді ол.

Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласында 530 мың көлік тіркелгенімен, күнделікті қалаға кіретін көлік 250 мың екенін айтады.

Сондықтан Алматының көліктік стратегиясын дамыту мақсатында негізгі назар қоғамдық көлікке ауыстыру мәселесіне аударылып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT