+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев Алматының болашағы туралы айтты

2019 жылғы 9 қазан 14:39
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев Алматының болашағы туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполистің болашағы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ірі ЖОО-ларды қала сыртына көшіру ұсынылды Алматыда «Kazakhstan Urban Conference 2019» форумы өтіп жатыр 2050-Даму стратегиясы: Алматы қалай түрленеді

«Екінші стратегиялық басымдық – Алматыда шеткі аудандар болмауы керек. Ол – бірегей сипаттағы тартымды орындары бар полиорталықтандырылған қала болуы тиіс. Бізге алматылықтардың жоғары өмір сүру деңгейі қажет. Бұл – өте маңызды. Өйткені, бүгінде қаланың орталығы мен шеткі аймақ арасында өмір сүру деңгейінде алшақтық байқалады», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкімнің айтуынша, қаланың іргесіндегі ықшам аудандардың басым бөлігінде орталықтандырылған су, кәріз жүйесі жоқ, жолдары жөнделмеген, көшелеріне жарық тартылмаған.

«Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, қоғамдық нысандардың басым көпшілігі Райымбек даңғылының оңтүстігінде «жоғарғы» аудандарда орналасқан. Медеу ауданында орташа жалақы Наурызбай ауданымен салыстырғанда 2 есе жоғары. Мегополис орталығы мен шеткі аудандардың даму деңгейінде алшақтық бар. Осы мәселелерді шешу үшін «Жаңа Алматы» жоспарын жасадық. Оның басты мақсаты – алдағы 5 жылда сумен жабдықтау, жарықтандыру, ауланы абаттандыру, қоғамдық көлік, тұрғын үй, балабақша, мектеп, жол сияқты мәселелерді шешу», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Ол өз сөзінде мегаполисттің шеткі аймақтарын дамытуға шамамен 800 миллиард теңге қажет болатындығын атап өтті. Мәселен, 2021 жылдың соңына дейін қала шетіндегі 23 шағынауданды толықтай сумен және кәрізбен қамтамасыз ету көзделген. Сондай-ақ, көшелер мен аулаларды жарықпен 100% қамтуды жоспарлап отыр.

«Сонымен қатар, біз әуежай маңындағы «Шығыс қақпасы», Қапшағай бағытындағы «Солтүстік қақпаны», ЖЭО-2 жанындағы «Батыс қақпаны», Индустриалды аймақты, Қаскелең бағытындағы «Оңтүстік қақпаны» дамытамыз. «Инновациялық технологиялар паркі» жаңадан дамитын болады. Осы аймақтардың барлығында халықтың көп шоғырлануына жағдай жасаймыз. Жаңадан жұмыс орындарын ашамыз», - деді әкім.

Жергілікті билік Жаңа Алматыда, тұрғындар үшін жаңа алаңдар, саябақтар мен демалыс аймақтарын құруды жоспарлап отыр.

«Қаланы полиорталықтандыру кезінде Алматының көне тарихи және мәдени орталығының келбетін сақтау жөніндегі жұмыстар қатар жүретін болады. Қазір тарихи және сәулет ескерткіштері болып саналатын ескі ғимараттарды тексеруді бастадық. Тарихи орталық - Алматының жүрегі, бұл туралы бәріміз білуге және мақтануға тиіспіз», - деді шаһар басшысы.

Еске салайық, бүгін Б. Сағынтаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен кездесуде қаланың Даму стратегиясы туралы айтып берді. Алматы қаласының ұзақмерзімді мақсаты – өмір сапасы бойынша әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына ену екендігі атап өтілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT