+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев: Алматының әрбір екінші қонағы – шетелдік турист

2021 жылғы 12 мамыр 22:02
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев: Алматының әрбір екінші қонағы – шетелдік турист

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир кезінде қала қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таулы бағыттарды абаттандыру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкімнің айтуынша, қаланың әрбір екінші қонағы – шетелдік турист. Былтыр пандемияға қарамастан Алматыға 163 мың шетелдік қонақ келген. Қала тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал демалыс түрі – тауда серуендеу. Пандемия кезінде таулы аймақтарға бару төрт есе өсті.

«Қала тұрғындары мен қонақтарының уақыттарын қауіпсіз әрі жайлы уақыт өткізуі үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Мәселен, адамдар көп жиналатын демалыс орындарының инфрақұрылымы ретке келтірілуде: таулар мен ұлттық саябақтарда. 1 мың шақырым таудың жаяу соқпақтары цифрландырылып, 500 шақырымы абаттандырылды»,-дейді Бақытжан Сағынтаев.

Оның айтуынша, Шымбұлақта, Медеуде визит-орталықтар ашылған. Сондай-ақ Аюсай шатқалында және «Горельник» термалды көзінің жанында да осындай орталықтар жұмыс істей бастаған. Медеуде, республика алаңында, халықаралық әуежайда және республика сарайының жанында туристік полицияның 4 пункті ашылды.

«Туристердің қауіпсіздігі үшін ұялы байланыстың аймақтары кеңейтіледі. Бұдан өзге, Кіші және Үлкен Алматы шатқалдарында 2 бақылау-құтқару пункті, Тұйық су қыратында тікұшақ алаңы, таулы бағыттардың шеткі тораптық учаскелерінде туристер паналайтын 15 лашық салынады. Сондай-ақ, құтқару топтарына сигнал беру үшін дабылды бастырмалары бар 10 радиорелейлі бағана орнатылады»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT