+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты

2019 жылғы 19 қыркүйек 16:41
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Growth Forum 2019 Almaty City: Vision 2025 форумында қаланы дамытудың стратегиялық бағыттары туралы әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бақытжан Сағынтаев боксшы Қанат Исламды жеңісімен құттықтады Жауапсыз мердігерлердің кесірінен әлеуметтік нысандар құрылысы кешеуілдеп жатыр - Сағынтаев Алматы «шетсіз қала» болуы керек - Бақытжан Сағынтаев

Бақытжан Сағынтаев Алматыны дамытудың стратегиялық бағыттары туралы айтты. Шаһар басшысының айтуынша, Алматы - елдің басты қақпасы ғана емес, бүкіл Орталық Азия аймағының ғаламдық интеграциясының драйвері. Болашақта Жаңа Жібек жолының іскер және мәдени астанасына айналмақ. Сондықтан, Алматы ірі сауда-логистикалық хаб болуға лайық.

Бәсекеге түсу үшін біз жетекші қалалардың жоғары стандарттарына назар аударуымыз керек, Алматы заманауи сынақтарға жауап беріп, өршіл міндеттерді шешуі тиіс.

«Қаламыздың даму мақсаттары мен стандарттары оның ұстанымына - жаһандық интеграторға (аймақтық хаб), инновациялық дамудың драйверіне бағытталған. Кез келген заманауи мегаполис сияқты, Алматы да өмір сүру үшін жайлы, бизнесті дамытуға қолайлы, коммуникация үшін ыңғайлы болуы керек «, - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.



Бақытжан Сағынтаевтың пайымдауынша, Almaty Regional Solutions - кәсіпорындар, нысандар, оқиғалар, қызметтер, қалалық имидж және микроклимат - бұл бүкіл Қазақстан мен Орта Азия үшін ұсыныстар мен шешімдер қабылдайтын орын. Бұл - өз өнімдерін бүкіл өңірге сататын алматылық өндірушілер. Бұл - Орталық Азияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар мен банктердің бас кеңселері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT