+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға қалың қарға байланысты сақ болуды ескертті

2020 жылғы 16 ақпан 18:04
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға қалың қарға байланысты сақ болуды ескертті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қардың мол жаууына орай қала тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыны дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту қалай іске асырылмақ Алматы әкімі Ресейден келген дәрігерлер қандай көмек көрсететінін айтты Алматы әкімі ЖРВИ мен пневмонияның артуын эпидемия ретінде қарастыруда

«Құрметті алматылықтар! Қардың қалың жаууы өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде - 15 см, таулы аймақта 25 см-ден асты. Ауыр қар ағаштарды құлатты. Ағаштардың құлаған кейбір бұтақтары көліктерге тиген.

Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Жол бойында 600 техника мен 1700 жұмысшы қызмет етуде», - деп жазды қала әкімі Instagram-парақшасында.

Алматы басшысы Полиция департаментіне жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтерге апаттық жағдайлардың салдарын дереу жойып отыруды тапсырды.

«Көшелерді қардан тазалау бойынша қандай жерлерде қиын жағдай туындап отырғанын хабарлауды сұраймын. Құрметті алматылықтар! Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің тау бөктерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан тауда өте сақ болуларыңызды, тіпті тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетсек, 16 ақпан күні түнгі сағат үштен бастап Алматыда қар жауып, соңы қарға ұласты. Молынан жауған қардан ағаштар құлап, көліктерді зақымдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT