Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Жаңа жылмен құттықтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында алматылықтар мен қала қонақтарына Жаңа жылмен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің сүйікті қаламыз — Алматыда алдағы Жаңа жылды қуанышпен және үлкен үмітпен қарсы аламыз. Осынау жарқын мереке бізге қасымыздағы туғандарымызбен, достарымызбен бірге жылылық сыйлайды» – деп жазды қала әкімі.

Сонымен қатар, ол өтіп бара жатқан жылы өміріміздің барлық саласында оң өзгерістерді нығайту үшін бәрін жасағанын тілге тиек етті.

«Өтіп бара жатқан жылы біз өміріміздің барлық саласында оң өзгерістерді нығайту үшін бәрін жасадық. Біз жиі әрі ашық жүздестік. Бәріміз үшін бірдей мүмкіндігі бар Жаңа Алматыны құру үшін маңызды қадамдарды жүзеге асырдық. Үміт пен үлкен жетістіктер қаласын қалыптастырдық.

Құрметті достар! Біз — нағыз алматылық мінездің иесіміз. Ашық, еңбексүйгіш, мейірімді және батыл бола аламыз. Әрине, егер мәселе сүйікті қаламыздың тағдырына қатысты болса. Жақын арада Жаңа 2020 жыл үйімізге енеді. Оны қарсы ала отырып, біз ең жақын адамдарымыз туралы ойлаймыз. Оларға назар аударамыз және қамқорлыққа бөлейміз.

Келе жатқан жаңа жылда әр отбасында бейбітшілік пен баянды бақыт салтанат құрсын. Барлық ізгі үміттер мен армандар орындалсын! Барлығыңызға шын жүректен денсаулық пен гүлдену тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!» – деп жазды Бақытжан Сағынтаев.




Соңғы жаңалықтар