+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Бақытжан Сағынтаев алматылық қаламгерлерге грант табыстады

2019 жылғы 20 желтоқсан 17:11
Бөлісіңіз:
Бақытжан Сағынтаев алматылық қаламгерлерге грант табыстады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 60 ақын-жазушыға ақшалай грант табыстады.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Мағауинді 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады Мұхтар Мағауин 80 жасқа толды Серік Әбілұлы, кәсіби диктор: Абайдан бастап қазақ классиктерінің аудиокітабын шығарғым келеді

Грантқа үміткерлерді Қазақстан Жазушылар одағының комиссиясы анықтады. Грант сомасы – 500 мың теңге.

Әкім грантын алғандардың ішінде драматург Дулат Исабеков, жазушы Зейнеп Ахметова, Светлана Ананина, Қанағат Әбілқайыр, Бақыт Беделханұлы, Ақперен Елгезек, Жүсіпбек Қорғасбек және басқалары бар.

Зиялы қауым өкілдері қаржылай сыйлық көңілдерін бір марқайтып тастағанын айтады. «Бұл енді арқаны кеңге салмай, қайта еліміздің мәдениеті мен әдебиетін дамытуға белсене атсалысуға шақырады», - дейді олар.

«Ақын-жазушыларға көп нәрсенің керегі жоқ. Бізге осылай көңіл бөліп, арқамыздан бір қағып қойса болды. Соның өзі үлкен шабыт береді. Жастар жазуға ұмтылады, қоғамға керек екендерін сезінеді», - дейді Дулат Исабеков.

Жалпы жазушылар одағының 820 мүшесі бар, оның 360-сы Алматыда тұрады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ұлтымыздың дамуына айтулы үлес қосқан азаматтардың еңбегі елеусіз қалмайтынын атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Мәдениет, Әдебиет,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT