Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы LRT құрылысы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы LRT құрылысы мен автобустың жетіспеушілігі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде қаланың Алмалы ауданының тұрғыны әкімнен қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мәселесі қашан шешілетінін сұрады.

«Алмалы ауданында ғана емес, жалпы қалада қоғамдық көлікті дамыту мәселесі тұр. Біріншіден, автобус немесе троллейбус түріндегі қоғамдық көліктің санын көбейткіміз келеді. Бұл бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін газбен жүретін 200 жаңа автобус қала көшелеріне шығады. Сонымен қатар, жеке тасымалдаушылар қосымша тағы 250 автобус сатып алды. Олардың барлығы қалаға жеткізілді. Заңға сәйкес Алматы қаласы мегополистен 50 шақырым қашықты қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуі керек. Сондықтан бізде әлі де қоғамдық көлік жетіспейді. Келесі жылы әкімдік те, жеке тасымалдаушылар да «БРК-Лизинг» арқылы жаңа автобустар сатып алады «, - деді әкім.

Сонымен қатар, қала басшысы Алматыдағы жеңіл рельсті көлік жобасына да тоқталды.

«Қаржы моделі әлі толық әзірленбегендіктен, сұрақ әлі ашық күйінде қалып отыр. LRT жобасына жұмсалатын ақшаны есептеуіміз керек. Қазір біз мамандармен бірге осы мәселені пысықтап жатырмыз.Төле би көшесінде жұмыс тоқтаған жоқ. Яғни LRT желісін тартуға дайындық жүргізілуде. Сондай-ақ, BRT жобасының мерзімін ұзарту мәселелері де талқыланып жатыр. Жалпы алғанда, көлік стратегиясын одан әрі ілгерілету керек, оның ішінде веложол да бар. Біз қоғамдық көлікті дамытудың барлық мүмкіндігін пайдалануымыз керек. Біз адамдардың жеке көліктен қоғамдық көлікке ауысуына жағдай жасауымыз қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар